
Төріме шығып, төрт түлік малды төлдеткен,
Наурызым келді сағынып едім мен көптен.
Еңбекпен алтын бесігін – жерін тербеткен,
Еліме менің еншісін түгел бер көктем!
Кеңейте түсіп керемет жарық шеңберін,
Ең керім сәтте мейірімін төксе жерге күн.
Көлдерім еріп, байтағым барқыт жамылып,
Бәйшешек гүлді көйлегін киер белдерім.
Жылы күн келді құлпырып дала жас түрмен,
Жыл құстарының құйғылжығанын естір ме ең!
Ескірген салттың естісін еске ап, ханымдар,
Қазан асыңдар халқымнан құрған дәстүрмен!
Жайнауын қара жақсылықтармен аймағым,
Сағынған кезде ауылдың сүтін, айранын.
Қаймағын тосып, әкелген әрі сайранын,
Наурызым менің табиғат берген мейрамым!
Күләш АХМЕТОВА,
ақын,
Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты.
Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
Тоқаев Ассамблея отырысында тіл мәселесін қозғады
- 24 сәуір, 2025
Ақсақалдар тағылымы – адам қоғамның кепілі
- 18 сәуір, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді