Құрт ауруын жеңудің жолы қандай?
Туберкулез – адам денсаулығына үлкен қауіп төндіретін кең таралған жұқпалы аурулардың бірі. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының жаһандық есебіне сүйенсек, жыл сайын 9 миллионнан астам адам туберкулезбен ауырады екен. Осы дерттен шамамен 2 миллионға жуық адам қайтыс болады.